Магистратураға грант конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау басталды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оны 18 тамызға дейін (қоса алғанда) жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары, соның ішінде виртуалды қабылдау комиссиялары қабылдайды.
58 мыңға жуық адам магистратураға түсу үшін кешенді тест тапсырған. Шекті балл жинағандар грант конкурсына қатыса алады. Магистратурада оқуға арналған білім беру гранты кешенді тест нәтижесі бойынша конкурстық негізде тағайындалады.
Құжаттарды тапсыру кезінде азамат білім беру бағдарламаларының бір тобын және үш жоғары оқу орнын көрсете алады.
Білім гранты иегерлерінің тізімі 25 тамызға дейін жарияланады. Болашақ магистранттарды оқуға қабылдау 28 тамызға дейін аяқталады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!