Магистратура грантына 23 мыңға жуық адам өтініш берген: нәтиже қашан жарияланады?

Магистратура грантына 23 мыңға жуық адам өтініш берген: нәтиже қашан жарияланады?
Фото: depositphotos.com

2026-2027 оқу жылына арналған магистратураның мемлекеттік білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия отырысы өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Биыл конкурсқа қатысуға шамамен 23 мың өтініш түскен, бұл былтырмен салыстырғанда шамамен үш мыңға көп.

Болашақ магистранттар арасында "Педагогикалық ғылымдар", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" секілді бағыттар сұранысқа ие.

Конкурс нәтижесі 25 тамызға дейін Ғылым және жоғары білім министрлігінің және Ұлттық тестілеу орталығының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жарияланады.

Білім беру ұйымдарына қабылдау 28 тамызға (қоса алғанда) дейін жүргізіледі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget