Магистратура бойынша 2026-2027 оқу жылына арналған білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Білім беру гранттары кешенді тестілеу (КТ) нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалды. Магистратура бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 75 балдан, бейіндік бағыт бойынша 30 балдан жоғары жинаған оқуға түсушілер қатысты. Жалпы конкурсқа 23 мыңға жуық адам қатысты. Болашақ магистранттарды ЖЖОКБҰ-ға қабылдау 2026 жылғы 28 тамызға дейін (қоса алғанда) жүргізіледі.
Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімін мына сілтемелерден көре аласыздар.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!