Бүгін магистратураға білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау басталды. Ол 15 тамызға дейін (қоса алғанда) жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары, оның ішінде виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы жүзеге асырылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Барлығы 39 мыңнан астам адам магистратураға түсу үшін емтихан тапсырды. Оқуға түсушілердің 43%-ы шекті балл жинады. Олар грант конкурсына қатыса алады.
Магистратурада оқуға арналған білім беру гранттары кешенді тестілеу нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалады.
Грант конкурсына құжаттарды қабылдау 12-15 тамыз аралығында жоо-лардың қабылдау комиссиялары, оның ішінде онлайн виртуалды комиссиялар арқылы жүзеге асырылады. Яғни, болашақ магистранттар құжаттарын дәстүрлі және онлайн форматта тапсыра алады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!