Актриса, әнші Шахризада Серікбаева Сәкен Майғазиевтан дуэт айтуға қалай ұсыныс түскені туралы "Мархабат" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, Сәкен Майғазиев колледжде жас әншіге сабақ береді.
"Эстрада және цирк колледжінде Сәкен аға мұғалім болды. Емтихан болғанда ұстаздар барлығын тамашалайды. Сол кезде Сәкен ағаның көзіне түскен болатынмын. Ағайымыз өте қарапайым. Әр жыл сайын студенттердің нәтижелерін қарап отырады. "Топтың ішінде жақсы жетістіктерге жетіп жүрсің, әрдайым дамуға тырысасың. Сол үшін жас буын мен аға буын ретінде бірге ән айтып көрсек" деп ұсыныс айтты. Ұсыныс Сәкен ағадан болды. Әнді Сәкен ағай басында өзіне жаздыртқан еді. Әуені дуэтқа келгеннен кейін осындай шешім қабылдады", - деді ол.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз