- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Маған ұнайтын нәрсе"....
"Маған ұнайтын нәрсе". Танымал волейболшы 8 наурыз мерекесіне алған сыйлығын көрсетті
Фото:
Instagram/altynbekova_2
Танымал қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова 8 наурыз мерекесіне алған сыйлығын көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Спортшы Халықаралық әйелдер күніне тәттіден жасалған гүлшоғын алған.
"Ұлым мен сіңілімнің 8 наурызға сыйлаған алғашқы сыйлығы. Маған ұнайтын нәрсе", - деп жазды спортшы Instagram желісіндегі парақшасында.
Еске салайық, 2020 жылдың аяғында Алтынбекова тұрмысқа шығып, 2021 жылғы қазанда ана атанды. Жақында волейболшы мансабын қайта жалғастырып, БАӘ-нің "Әл-Васл" клубының қатарына қосылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек