Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова "Жақсы адамдарым" телебағдарламасына берген сұхбатында келіні Жұлдыз Әбдукәрімованың 10 жыл бойы ел алдына шықпауының себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Продюсер Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімова үйленбей тұрып, болашақ келінінің уәдесін алып алғанын айтты.
"Қайраттың үлкен сахнаға енді ғана шығуы Жұлдыздың 10 жыл бойы ел алдына шықпауының себебі болды. Мен басынан бастап Жұлдызға түсіндірдім. Оған "Жұлдыз, ол енді ғана сахнаға шығып жатыр, халықтың адамы болады, кейін үйде бір күн бар, бір күн жоқ болады. Сол кезде екеуің ұрысып қалып, менің көңіл-күйімді түсірмейсіңдер ме?" деп сұрадым, сонда ол "жоқ, мен де өнер адамымын, бәрін түсінемін" деп жауап қатты. Мен "онда, өтініш, менің көзімше ешқашан ұрысушы болмаңдар, ұрысатын болсаңдар, жеке жатын бөлмелеріңе барыңдар, мен сендердің қас-қабақтарыңа қарап налымайын" дедім, сөйтіп Жұлдыз келісіп, уәдесін берді. Сонымен ол уәдесінде тұрды.
Жұлдыз 10 жыл бойы үйде отырды деп жатады, үйде отырды дегенде ол үйде қамауда отырған жоқ қой. Ол бірінің артынан бірін босанды, көлік айдап үйренді, оқуын оқыды, Қайратпен бірге саяхатқа шығып, ағайын-туыстың арасында жүрді. Бір бөлменің ішінде қамауда отырған жоқ.
Мен бастапқыда құдаларыма "Жұлдыз Қайраттың әйелі болып емес, Жұлдыздың жұлдызын жандырып, алла қаласа жұлдыз етемін" деп айтқан болатынмын. Жұлдыз екі ұл, екі қызын босанып, қолы босаған кезде "уақыты келді" дедім. Бір жыл жүгіріп, фильмге сценарий іздедім. Сөйтіп жүріп Жұлдызды актриса ретінде танытпақшы болдым. "Періштелер ұйықтап жатқанда" фильмі жарық көрді, Жұлдыз бірден танылды. Кейін құдалардың алдына барып, "мінекей, уәде бергенімдей, жақында Жұлдыздың жұлдызы жарқырайды" дедім. Кино түсіру үшін біз ақшаны құртпай, Қайрат екеуміз 200-300 мың долларды жинап, әркімнің есігін бір сығаладық. Мұның бәрі Қайраттың қара тер еңбегінің арқасында келген дүние. Мен тек себепкер болғаным болмаса, бәрін Қайрат өзі істеді", - деді ол.
Тағы да оқи отырыңыздар: Тамаққа қатысты ырым-тыйымдар
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз