- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Маған сынды төгеді"....
"Маған сынды төгеді". Танымал актер әйелімен қалай танысқанын айтты
Танымал актер Мақсат Рахмет әйелімен қалай танысқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол "Ұрпақ" подкасына берген сұхбатында бөлісті.
"15 жасымызда оқуға түсерде таныстық. 16-да қыз бен жігіт болып жүре бастадық. Жеті жыл кездесіп жүріп, отбасын құрдық. Жыл өткен сайын оған бауыр басасың, жыл өткен сайын оған деген құрметін артады. Келіншегім де актриса. Менің заманымдағы ең үздік актрисалардың бірі. Академиядағы әр емтиханнан кейін оны бізден бөлек талқылайтын. Оның сомдаған әр кейіпкері ерекше шығатын. Біз оқуды аяқтағанда Мүсірепов театры екі адамды ғана өздері жұмысқа шақырды. Солардың бірі Арай болды. Сол жерде бір жыл істеп, өз еркімен театрдан кетті", - деді ол.
Мақсат Рахметтің әйелі театрдан кеткен.Оның айтуынша, әйелі бұл шешімді өзі қабылдаған.
"Өзін толығымен отбасылық өмірге арнағысы келетінін айтты. Қазір біз табысқан колледжде актерлік шеберліктен сабақ береді. Дәл қазір декретте отыр. Үйде екі өнер аламы болғаны да жақсы. Өнер адамдары ғана бір-бірін түсінеді. Екеуіміздің талқылайтын тақырыбымыз көп. Ол - менің басты сыншым. Ол маған сынды төгеді. Айналамдағылар, тіпті ұстаздарым да ренжиді. "Біздің қызымызды өнерден алып кеттің" деп жатады. Үш баласы бар әйелге театрда істеу өте қиын. Ол оны өзі саналы түрде білді, түсінді. Менің еш қатысым жоқ, сол кездегі театр директорымен мәселе туындады. Қазір бар уақытын бала-шағасына, маған бөледі. Үнемі киімдерім таза, үтіктеулі. Қайда барсам да жарқырап жүремін. Ол біріншіден келіншегімнің арқасы", - деді өнер иесі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек