Танымал әнші Нұрсұлтан Нұрбердиев "1001 түн" бағдарламасына берген сұхбатында танымал түрік әншісі Murat Yaprak-пен дуэт жазу идеясы қайдан келгенін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, алғашында түрік әншісі дуэт жазуға келіспеген, өйткені оның Нұрсұлтан Нұрбердиевке реніші болған көрінеді.
"Негізі "Жүрек алдамайды" жеке орындауымда шыққан ән. Сөйтіп, бір күні түнде ұйқымнан оянып кеттім, өнер адамдары кейде қиял боламыз ғой. "Неге осы әнді түснұсқасын орындаушысымен айтпаймын?" деген ой келді. Түнімен ұйықтай алмай, келесі күні автордың Instagram-парақшасын тауып аламын, бірақ мен өзім түрікше білмеймін. Содан түрікше білетін адам тауып, "осы әншімен келісіп бер" деп өтініш жасадым. Біз ол кісіні Алматыға шақырғымыз келген, бірақ танымайтын адам алғаш рет жазып тұрғандықтан, келісе қоймады. Бізге "сен бірінші Ыстамбұлға кел, сосын мен барамын" деп талап қойды, әрине, мен бардым. Сөйтсек, ол кісінің маған реніші бар екен. Шынына келгенде, мен ол әнді орындап бастаған кезімде, автордан рұқсат сұрамаған едіи. Сонымен екеуміз кездесіп, асықпай әңгімелесіп, тіл табысып кеттік. Түркиядан автордың дауысын басып алып кеттім, Алматыға қайта келіп, студияда өзімнің дауысыммен екеуін қостым. Қайта тыңдату үшін өзіне жібердім, оған ұнады. Осылай ән шығып кетті", - деді әнші.
Тағы да оқи отырыңыздар: Гаструла және нейрула деген не?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!