"Маған өзіңе сөз арнау өте ауыр, қызым!" Абай Бегей қызына жазба арнады

"Маған өзіңе сөз арнау өте ауыр, қызым!" Абай Бегей қызына жазба арнады
Фото: instagram.com/abai_begei/

Танымал әнші Абай Бегей тұрмысқа шыққан қызына жазба арнады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Симбиім қызым. Менің мәпелеп өсірген аппақ гүл-қызым! Ендігі жердегі тілегім саған арналады. "Қыз бала - қонақ" деген осы екен. Маған өзіңе сөз арнау өте ауыр, қызым! Сені мұңайтқым келмейді, қуантқым келеді. Өйткені, өз қалауыңмен тең қосағыңды тауып, бақытты сапарға шығып барасың. Мен осыны ойлап қуанамын! Бүгін жота басына қатар тігілген қос шыбықтарым - күйеу балам Мұстафа екеуіңе бар айтар тілегім; қараған ел қызығатын, қою көлеңкесі ел игілігіне асатын жемісті бәйтерекке айналыңдар. Ертең аппақ желегі желбіреп келін болғалы тұрған қызым, саған айтарым: сен де құдағилыққа жетіп, тілек айт! Бастарыңды - бұлт, бауырыңды мұз шалмасын", - деп жазды Абай Бегей әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске салайық, қызы алғаш тұрмысқа шығарда Абай Бегей қуғыншы жіберіп, қызын тқрмысқа беруге қарсы болғанын айтқан болатын.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Абай Бегей (@abai_begei)

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Д. Ибраева