Жанар Кенжебекқызы ата-анасынан қалған үйді туыстарына ала алмай, пәтер жалдап жүр. Ол әпкесінен көрген қорлығы туралы "Қыздар-ай" бағдарламасында айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, ата-анасы қайты болған соң нағашы әпкесі үйді сатып жіберген.
"12 жасымда бірінші анам, кейін әкем қайтыс болды. Содан кейін үйге талас болды. Анамның туған әпкесі әкемнің қырқы өткен соң үйді сатып жіберді. Туған бауырым жоқ. Ата-анадан жалғызбын. Соны нағашы әпкем екеуміз әлі күнге дейін бөлісе алмай жүрміз", - деді Жанар.
Сондай-ақ, ол әпкесінің келіні көрсеткен қорлығы туралы да айтты.
"1997 жылы нағашы әпкемнің қолына көшіп келген кезде келіні маған күн көрсетпейтін. Балаларын бақтырады, тірліктерін жасатады. Небір ауыр сөздер айтатын. 4 жыл бойы солай жүрдім. Кейін оқуға 17 жасымда қалаға кеттім", - деді Жанат.
Жанардың үйін сатып жіберген Сара апасы туралы оның сіңлісі айтып берді.
"Жанармен араласпаймыз. Менің папамның қарындасы ол қызды жетімдер үйінен асырап алған. Өздерінің балалары болмады. Ал үйді Сара апам сатып жіберді. Сол ақшаға оны оқытты, жағдайын жасады. Бірақ ол тыңдамай, күйеуге тиіп кетті. Сосын өз күнін өзі көрсін, күйеуі бар, асырасын деді", - деді әпкесі Әлима.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!