- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Маған "ертең сотталасың"...
"Маған "ертең сотталасың" деді". Әнші Саят Медеуов ешкім білмейтін оқиғасын бөлісті
Әнші Саят Медеуов жас кезіндегі оқиғасын бөлісіп, соған қатысты әкесінің айтқан өсиетін "Ұйқым келмейді" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің айтуынша, әкесі өте қатал, шыншыл, әрі достыққа адал болған.
"Бірде досымыз істі болып, сонымен бірге жүрдім. Оны анам білмеді. Ауылға барғанда шешем "сен бір күні мына кісінің қасында жүріп, сотталасың, мына жүрісің дұрыс емес" деді. Сол кезде әкем шешеме "Нүке, сен Саятқа сөйлеме" деді. Ал маған "Саят, Аликтің бар кезінде дос болдың ба, жоқ кезінде де дос бол, бар кезінде араластың ба,басына іс түкенде де аралас, қашпа. Досыңның басына іс түскенде кетіп қалатын боласың, онда "менің баламмын" деп айтпай-ақ қой" деді. Сол уақытта әкемнің достыққа адалдығына риза болдым", - деді әнші.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жайыққызы