- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Маған бірнәрсе болса,...
"Маған бірнәрсе болса, видеоларды таратамын". Болат Назарбаевтың тоқалы полицейлерден қысым көргенін айтты
Болат Назарбаевтың бұрынғы тоқалы Динара Әлжан өзіне қысым көрсетіліп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол Instagram-парақшасында бөлісті.
"Мен бұл сұхбатты аты аталған адамдардан бірнәрсе сұрау үшін бермедім. Маған ештеңе керек емес. Мен ішімдегі құпияны аштым. Бірақ кеше өздерін полиция қызметкеріміз деп таныстырғандар артымнан қуалады. Кешегі жағдайдан шықтым. Бірақ маған бірнәрсе болса, ол видео анамда да, жақын достарымда да бар. Қызметкерлер маған түнгі 11-де мас күйде, ешқандай рұқсатсыз келіп тұр. Сондықтан бейбіт қоштасайық. Маған бірнәрсе болса, видеоларды таратамын. Мен болған жағдайды айттым. Кешегі сұхбатты басымнан кешкенді ешкім қайталамаса екен деп бердім. Қазір адвокатпен кешегі қызметкерлерге қатысты арыз дайындап жатырмыз", - деді ол.
Оның айтуынша, бір танысы оны үйінен алдап шығарған.
"Менің ешкімім жоқ деп ойламаңыз. Менің де ағам, қолдайтын халқым бар. "Адвокат жалдап беремін" деп алдап үйден шығарған кісіге айтарым: мен жетім емеспін. Бұл адамдарды мен кешірмеймін", - дейді Динара Әлжан.
@videogram_kaz #динараалжан #кентал #кайратнуртас ♬ оригинальный звук - ??????
Сондай-ақ, ол сұхбаттан кейін есірткі туралы тарап кеткен қауесетке жауап берді.
"Сұхбаттан кейін ел арасында біраз танылып, барлық әлеуметтік желіде сұхбат үзінділері тарады. Мен 2017 жылдан бері есірткі қабылдамаймын. Бір рет сабақ болды. Одан кейін мүлде жоламадым. Мен ешқандай да нашақор емеспін. Өткен іс өтті. Бұл сұхбат арқылы көп әйел мен қыз-келіншекке менің қателігімді жасамасын деген ниетте бердім. Менде қазір бәрі керемет, тамаша. Өз еңбегіммен бәріне қол жеткізіп жатырмын. Шындықты айтқаным үшін қандай жазығым бар?! Мен 5 жыл бойы сақтаған сырымды айттым. Шындықты айту қылмыс емес. Шындықты қабылдай білу қажет. Сырымды айтқаным - мен үшін ерлік. Ал қолдаған жандарға айтар алғысым шексіз! Сонымен бұл әуеннің де тақырыбын жабатын кез келді. Өткенге өкініш жоқ", - деп жазған ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, бұған дейін Болат Назарбаевтың бұрынғы тоқалы есірткіге тәуелділік қалай отбасын бұзғаны туралы айтқанын жазған болатынбыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек