"Маған да бір Елубай сыйласа кеш емес". Сәкен Майғазиев Баян Мақсатқызын құттықтады

Танымал әнші Сәкен Майғазиев Баян Мақсатқызын құттықтап, өзінің әлі де болса сәбилі болғысы келетін ниеті барын жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Баян Мақсатқызы 50 жас, ой, 18 жас мерейтойын тойлағанда бата көкпар бергендей бәріміз жақсы тілек жаудырып едік. Балапанның бауы берік болсын! Ақылды, білімді, саналы, өнерлі болып өссін. Тұрсын мырза мен Баян ханымды құттықтаймыз!" - деп жазды әнші әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Елу жасында ана атанған Баян Мақсатқызының тәжірибесіне қызыққан Сәкен Майғазиев өзінің де сәбилі болғысы келетінін жасырмады.  

"Алла қалап, менің де жүрегімнің ішіндегі жүрегім маған бір Елубай сыйласа кеш емес екен ғой деп қалдым. Ал мынау сол кешегі "бетімен кеткен" кезіміз. Сол мерейтойдағы көңілді естеліктерді салып қояйын", - едп жазды әнші. 

 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!