- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Маған ана керек"....
"Маған ана керек". Бельгиялық әйел асырап алған қазақтың баласы жантебірентер жазба жариялады
Әлеуметтік желіде бельгиялық отбасы асырап алған 21 жастағы Эдди Жан Қазақстандағы туған ата-анасын іздейтіні туралы ақпарат тарған еді. Оған дүниеге келгенде Жәнібек деген есім де берілген екен. Алайда қазір Эдди Жан өзін Мұрат деп атап жүр. Шетелдегі қазақ баласы анасына қатысты жантебірентер жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мұрат жазбасында анасын кінәламайтынын айтты.
"Ана, оқып отырсаң, мен сені кінәламайтынымды біл. Сенің есіміңді ешкімге айтпаймын, ешқайда атамаймын. Ана, өтінемін, маған хат жазшы. Қорықпашы, мен сенің ұлыңмын. Маған ана керек", - деп жазды ол.
Еске салайық, бұған дейін бельгиялық әйел асырап алған қазақтың баласы анасын іздейтіні хабарланды. Бұл туралы журналист Олжас Беркінбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова