МАЭК-тегі жөндеу жұмыстары аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі кәсіпорынның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
6 шілдеде "МАЭК" ЖШС Жылу электр станциясындағы №1 энергоблокты жөндеу жұмыстары аяқталып, сағат 05.51-де іске қосылды.
Жөндеу жұмыстары 4 шілдеде энергоблок қазандығы біраз уақыт суытылып тұрған соң сағат 21:50-де басталды. Жұмыс тәулік бойы MAЭК қызметкерлерінің күшімен жүргізілді.
Кәсіпорынның қызметкерлері оқиға болған сәттен бастап энергоблок қазандығындағы жөндеу жұмыстарын тезірек қолға алып, қалпына келтіруге жұмылды. МАЭК мамандарының уақытында жедел іс-қимыл жасауының арқасында энергоблок жабдықтарына елеулі зақым келтірілген жоқ. Соның нәтижесінде, облыс орталығы мен Маңғыстау облысының елді мекендерінің тұрмыстық тұтынушыларын электрмен жабдықтау бойынша шектеулер болған жоқ.
Еске салайық, 2023 жылғы 3 шілдеде сағат 17:31-де қазандыққа беріліп тұрған тоқ деңгейінің күрт өсуіне байланысты "МАЭК" ЖШС ЖЭС №1 энергоблогі мәжбүрлі түрде тоқтатылған болатын.
Жөндеу жұмыстары арнайы жасақталған кесте бойынша жүргізілді, дегенмен жөндеу жұмыстары жоспарланған мерзімнен бұрын аяқталған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!