Мадридте 30 мыңнан аса адам наразылыққа шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, жиналған жұрт Үкімет мемлекетке қастандық жасады деп айыптап, отскавкаға кетуін талап еткен. Халық Каталонияның тәуелсіздігін жақтайтын қозғалыс жетекшілері үшін Қылмыстық кодекске енген жазаны жеңілдететін түзетулерге қарсы. Бұдан бөлек, елде қаржылық дағдарыс салдарынан испандықтардың әлеуметтік жағдайы күрт нашарлап кеткен. Наразылыққа бұл да себеп болған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!