Мәдина Сәдуақасова сынға қалған видеосынан кейін оқырмандарына өтініш жасады

Мәдина Сәдуақасова сынға қалған видеосынан кейін оқырмандарына өтініш жасады
Фото: Әлеуметтік желі

Танымал әнші Мәдина Сәдуақасова әлеуметтік желіде сынға қалған видеосына қатысты пікір білдіріп, оқырмандарына өтініш жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін Мәдина Сәдуақасованың ыңғайсыз дауыс шығарған видеосы тарап кеткен еді.

"Қой, құрсын, түсейін жерге таудан. Тиктокқа тіркеле қойып едім, тек өзімді және дауысым қойылған неше түрлі видеолар көріп кеттім. Таудағы "Муха-ның" жыры бітті ма өзі? Жабайықшы бұл "теманы" - деп жазған әнші әлеуметтік желіде.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мадина Садвакасова (@sadvakasovamadina)

Желі қолданушыларының бірі әншіні сынға алса, енді бірі ол қандай болса да сұлу екенін жазған:

Кешіріңіз жабылып кеткен теманы жабайықшы деп өзіңіз қайта көтеріп отырсыз ғой, ұнап қалған-ау шамасы.

Красотка! Көре алмайтындар сайрай берсін.

Сұлулықтың символы!

Таудан түс құрсын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова