Әнші Мәдина Сәдуақасова Серік Ибрагимовті ұрып тастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеоны Мадина Instagram-парақшасына салған. Әнші Серік Ибрагимов қасында тұрған Еркеш Хасен мен Ильхам Ихсанды ұрып жіберген. Артынша, Мәдина Серіктің өзін ұрып жіберген.
"Негізі, ондайым жоқ еді. Інілерім ғой бәрі. "Нең бар еді? Араласпау керек…" дейсіз ба?", - деп жазды Мәдина.
Әншінің оқырмандары оның бұл әрекетіне түрлі пікір білдірген.
"Өнер адамдары әзілдесіп тату жүргені жақсы көрінеді, ақ көңіл қазағым", "Сізге бәрі жарасады, еш жат қылық көріп тұрғаным жоқ", "Мәдина, жасыңа сай қылық жасашы жарасатын", "Серік ана балаларға тиісіп тұрған соң қалжыңдаған болып, төбелес болып кетпесін деп қалжыңдап ұрып алып кетіп тұр ғой Серікті! Дұрыс Мәдинаныкі", - дейді әншінің оқырмандары.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!