Белгілі әнші Мадина Сәдуақасова Instagram-парақшасында Оралдан ерекше сыйлық алып келгенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.
"Оралдан бір сәйгүлік алып кеттім, бұрыннан қарап кеткен. Жахан Отарғалиевтің талғамы жақсы екен. Тура Жаханның сәйгүлігіне көзім түсті де қалды. Менікі енді", - деп жазды әнші Желіде.
Желі қолданушыларының басым бөлігі бұл сәйгүлік емес, шаруаға арналған жылқы екенін айтқан:
Қандай сәйгүлік, шаршап ұйқтайын деп тұр ғой.
Сәйгүлігіңнің көңіл күйі жоқ қой.
Жеп қоймаңыздаршы.
Жылқыны не істейсің, сахнаға алып шығып, ән айтасың ба?
Құтты болсын сәйгүлігің, Мадина ханым!
Қой бағуға мінетін сәйгүлік сияқты екен.
Құтты болсын, керемет сәйгүлік.
Құтты болсын! Жылқыны қайда ұстайсыз?