- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мадина Садуақасова Қыдырәлі...
Мадина Садуақасова Қыдырәлі мен Қарақаттың "күміс тойына" неге бармағанын айтты
Танымал әнші Мадина Садуақасова эстрада жұлдыздары Қыдырәлі мен Қарақаттың "күміс тойына" қатыспады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде әнші тойға неге келе алмағанын түсіндіріп, жазба жариялады.
"Кеше Қыдырәлі Болман мен Қарақат Әбілдинаның күміс тойлары өтті. Бәрімізге үлгі болып жүрген керемет отбасы! Шын жүректен құттықтаймын, жандарым! Екі дүниенің бар бақытын тілеймін! Ерекше жақсы көремін, құрметтеймін Қыдыр мен Қақатты. Әзірге осындай құттықтау Тәжікстаннан, бұйырса өзіміз отырып тағы тойлаймыз", - деп жазды Мадина Садуақасова әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еске салайық, Қыдырәлі Болман мен Қарақат Әбілдина отбасын құрғанына 25 жыл толуына орай "күміс тойын" дүркіретіп өткізген болатын. Ал Мадина Садуақасова той кезінде іссапармен Душанбе қаласына аттанып кеткен.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Ибраева