Танымал әнші Мәдина Сәдуақасова сахнаға дайындықсыз шыққаны үшін көрермендерден кешірім сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы өнер иесі Instagram-парақшасында жариялады.
"Эфирге талантты әнші Илхан Ихсанның "Арман" әнін дуэт болып орындап, сәл дайындықсыз шыққаныма, түсетін жерлеріне түсе алмай қалып жатқаныма көрерменнен кешірім сұраймын. Неге дуэт? Неге біреудің әні, - деп сұрап жатқандарға: бұл - жаңажылдық түсірілімнің фишкасы, былтыр хит болған әнді екі әншіге айтқызып, коллаборация жасау және жастарды қолдау", - деп жазған әнші парақшасында.
Желі қолданушылары мұндай дуэтке тәнті болып, пікір қалдырған.
"Өте әдемі орындадыңыз, қатты ұнады. Мәдина әрқашан әдемі болып жүреді ғой", "Шынымен керемет, әдемі шыққан", - деп жазған әншінің оқырмандары.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!