Жаслан Мәдиев премьер-министрдің орынбасары - жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары - жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Президент Жасанды интеллект министрлігін құруды тапсырды. Артынша жаңа министрлік құрылды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова