Мәди Такиев бұрынғы лауазымын сақтап қалды

Мәди Такиев бұрынғы лауазымын сақтап қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Мәди Төкешұлы Такиев Қазақстан Республикасының қаржы министрі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Мәди Такиев туралы не белгілі?

Ол 1978 жылы Алматы облысы Балқаш ауданы Бақанас ауылында дүниеге келген. 1998 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша бітірген.

2005 жылы Д.Қонаев атындағы гуманитарлық университетті құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған. 2011 жылы Халықаралық бизнес университетінде іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесін алған.

Еңбек жолын 1998 жылы сол кездегі Ғылым министрлігі Ғылым академиясының мемлекет және құқық институтында бас есепші болып бастаған.

VII сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты, Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы да болды.

2024 жылғы 6 ақпаннан бастап қаржы министрі болып тағайындалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!