Мәди Ахметовтің тағайындалуына қарсы петиция пайда болды

Мәди Ахметовтің тағайындалуына қарсы петиция пайда болды
Фото: instagram.com/madi_akhmet

Қазақстандықтар Мәди Ахметовтің тағайындалуына қарсы петицияға қол қойып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Петиция авторы Саид Саматов Мәди Ахметовтің Алматы облысы жастар саясаты мәселелер басқармасының басшысы лауазымына тағайындалуына қарсы шыққан. 

Құжат сайтта 26 желтоқсанда сағат 19.00-де пайда болған. 

Бүгінде петицияға 223 адам қол қойған. Оның 220-сы петицияны қолдаса, қалған үшеуі қарсы болған. 

"Үлкен жауапкершілік". Мәди Ахметов жаңа қызметіне тағайындалуына қатысты пікір білдірді

Айта кетейік, Мәди Ахметов әр жылдары Nur Otan партиясы жанындағы Jas Otan жастар қанатының Алматы қалалық филиалының төрағасы, Халықаралық бизнес университетінің Қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің тәрбие жұмысы жөніндегі деканның орынбасары, Nur Otan партиясы жанындағы Jas Otan Жастар қанатының Алматы қалалық филиалының төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты лауазымдарын атқарған, Алматы қаласының жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорында штаттан тыс кеңесшісі ретінде қызмет атқарған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина