- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мәдениет министрлігі Тұңғыш...
Мәдениет министрлігі Тұңғыш Президент стипендиясының атауын өзгертуді ұсынды
Фото:
elements.envato.com
Мәдениет министрлігі Тұңғыш Президент - Нұрсұлтан Назарбаевтың мәдениет саласындағы стипендиясының атауын өзгертуді ұсынды. Бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Құжатқа сәйкес, "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы" Жарлықты "Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны тағайындау туралы" деп өзгерту ұсынылған.
С. Сатыбалдина"Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 10-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: "Қоса беріліп отырған мәдениет саласында мемлекеттік стипендия беру қағидалары бекітілсін", - делінген жоба тұжырымдамасында.