Мәдениет және ақпарат вице-министрі Ербол Әліқұлов қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ербол Шымкентбайұлы Әліқұлов берген өтінішіне сәйкес, Мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.
Ол 2024 жылғы ақпаннан бері вице-министр қызметін атқарды.
Ербол Әліқұлов - 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген.
Еңбек жолын 1996 жылы Бауыржан Момышұлы атындағы "Кәусар бұлақ" республикалық қайырымдылық қоры директорының орынбасары болып бастаған.
1998-2002 жылдары жеке компанияда жұмыс істеді.
2002-2005 жылдары Алматының Түрксіб ауданы әкімі аппаратының бөлімінде бас маман, бөлім басшысы, әкім орынбасары;
2006-2009 жылдары Алматының Алмалы ауданы әкімінің көмекші-кеңесшісі, әкім орынбасары;
2009-2013 жылдары Алматының Жетісу ауданының әкімі;
2013-2014 жылдары Алматы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды.
2014-2017 жылдары Алматының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаменті басшысы;
2017 жылы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы болды.
2017-2022 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы;
2022-2023 жылдары Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болды.
2023-2024 жылдары Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы қызметін атқарды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз