ІІМ үш күнде 7 тоннадан аса спирт өнімін тәркіледі

ІІМ республика аумағында этил спиртінің, алкоголь және темекі өнімдерінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстардың алдын алу және анықтауға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Операция өңiрлерге жалған және контрабандалық өнiмдердiң жеткiзу арналарының жолын кесуге бағытталды.

"Үш күнде тиіс құжаттарсыз құрамында спирті бар 7 тоннадан аса өнім анықталып, заңсыз айналымнан алынды. 160 мыңға жуық заңсыз темекі қорабы, 26 мыңнан аса вейп, олардың 34 мыңға жуық картриджі, 35 мың майлы текше және мыңнан аса снюс тәркіленді. 17 соталды тергеп-тексеру, 18 әкімшілік іс жүргізу басталды, сондай-ақ, 35 материал шара қабылдау үшін Қаржы мониторингі агенттігіне және Мемлекеттік кірістер комитетіне жіберілді. Мысалы, Павлодарда полиция қызметкерлері үлкен көлемде заңсыз электрон темекі, қосалқы бөлшектер мен оларды толтыру үшін сұйықтықтары бар жасырын қойманы тапты. 3,5 мың вейп, олардың 10 мың қосалқы бөлшегі және шегетін темекілерді толтыруға арналған 3,7 мың сұйықтық құйылған зат алынды. 30 жастағы тауар иесі ұсталды", - деді деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Ол тәркіленген бұйымдардың жалпы сомас қанша болғанын айтты. 

"Тәркіленген бұйымдардың жалпы сомасы 150 миллион теңге болды. Алматы облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлінісінің қызметкерлері алкоголь өнімін заңсыз өндіру және сату дерегін анықтады. Жергілікті тұрғынның жеке меншік үйінде орналасқан жасырын цехтан 2 тонна 600 литр алкоголь, 500 литр шикізат, 65 литр дайын өнім, 60 литр этил спирті алынды. Оның жалпы көлемі 3 тонна 225 литр, ал келтірілген залал 4,5 миллион теңгеден асты. Осындай шығу тегі күмәнді акцизделетін өнім азаматтардың өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіретінін атап өту қажет. Сертификаттаудың және сапаны бақылаудың болмауы улану және басқа да теріс құбылыстар қаупін едәуір ұлғайтады. Алкоголь және темекі өнімдерінің заңсыз саудасы мен көлеңкелі өндірісін жою бойынша жұмыс жалғасып жатыр, - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз