ІІМ түлектер мен ата-аналарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
"Бұрын хабарланғандай, "соңғы қоңырау" кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін әр мектепке жауапты полиция қызметкерлері бекітілді. Барлығы 10 мыңға жуық полицей және 2,5 мың қызметтік көлік жұмылдырылды. Ескертулерге қарамастан, бірқатар өңірде мектеп түлектерінің қатысуымен құқық бұзушылықтар тіркелді.
Мысалы, Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Боранқұл ауылында түлектер арасында топтық жанжал орын алды. Полиция дереу бұл фактінің жолын кесті. Сондай-ақ бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Зардап шеккендер жоқ. Бұдан басқа, Алматы және Шымкент қалаларында, Алматы және Түркістан облыстарында автокөлік кортеждерінің жол жүрісі қағидаларын бұзу фактілері анықталды.
Барлық кінәлі жүргізушілер мен жолаушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ата-аналар мен түлектерді мінез-құлықтың қажетті нормалары мен ережелерін сақтауға шақырамыз", – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!