ІІМ Талғарда қылмыс азайғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция өңірдегі ахуал туралы айтты.
"Бұл өңір кейінгі жылдары қоғамдық резонанс тудырған қылмыстармен елді шулатқан болатын. ...Былтырмен салыстырғанда Талғар ауданында құқықбұзушылықтар саны 19%-ға, қылмыс саны 3%-ға азайды", - деді ІІМ өкілдері.
Аудан көшелерінде бағдар мен бақылауды күшейту мақсатында 10 қазаннан бастап жедел басқару орталығы іске қосылған.
"Басты назарда заң мен тәртіп сақталуы. Аймақта профилактика белсенді түрде жүргізіледі. Үй чаттары арқылы байланыс жолға қойылған. Жалпы аудан бойынша 155 көпқабатты үй қамтылған 60-тан аса чат бар. Аймақтағы жол ахуалы да тәртіп сақшыларының жіті назарында. Мұнда патрульдік нарядтардың тығыздығы артқан. Олар көңіл көтеру, ойын-сауық мекемелеріне жақын орналастырылған. Биыл тоғыз айда ауданда мас күйде көлік тізгіндеген 131 адам ұсталды", - деді полиция.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!