- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ІІМ Шымкентте полиция...
ІІМ Шымкентте полиция басшысының ұсталуына қатысты пікір білдірді
Ішкі істер министрлігі Шымкентте полиция бастығының ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде Шымкент ҰҚКД қызметкерлері ПД ҚҚЕ бастығы (қаржылық қамтамасыз ету басқармасы) мен полицияның аға лейтенантын аса ірі көлемде ұрлық жасағаны үшін ұстағаны туралы ақпарат пайда болды. Таратылған ақпаратта келтірілген шығын көлемі - шамамен 370 миллион теңге делінген.
Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі ақпарат таратқанымен бұл тұлғалардың шын мәнінде ұсталған-ұсталмағанын нақтыламады. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі.
"Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша қауіпсіздік департаменті қызметтік тексеруді бастады, оның қорытындысы бойынша қатаң шаралар қабылданады және кінәлілер заңға сәйкес жазаланады. ІІМ кез келген құқықбұзушылыққа төзбеушілік бойынша қағидатын ұстанады", - делінген ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек