• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

ІІМ шетелде валюта айырбастайтындарға алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті

ІІМ шетелде валюта айырбастайтындарға алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті
Фото: depositphotos.com

Ішкі істер министрлігі шетелдегі қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Біздің мыңдаған азаматтарымыз шетелдерде оқуда немесе жұмыста. Олар өзара Telegram және WhatsApp-чаттарын құрып, ақпарат алмасып, бір-біріне көмектеседі. Мұны алаяқтар да пайдалануы мүмкін. Қаскөйлер осындай чаттарға қосылып, өздерін қазақстандық азамат ретінде таныстырып, әдеттегіден тиімді шарттармен валюта айырбастау қызметін ұсынады", - делінген Ішкі істер министрлігінің қызметі таратқан хабарламада.

Алайда полицияның мәліметінше, ақшаны ауыстырғысы келетіндерді байланыстырмай, алаяқтар криптовалюта сатумен айналысатын адамдардың немесе дроптардың шоттарын жібереді. Түскен қаражатты алғаннан кейін олар хат-хабарларды өшіріп, чаттардан шығып кетеді.

Кореяда, Қытайда және АҚШ-та осылай алдау жағдайлары тіркелді.

"Азаматтарды сақ болуға және күмәнді ұсыныстарды қабылдамауға шақырамыз", - деп хабарлады ведомство.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лес
Logotype Massaget