- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ІІМ Салтанат Нүкенованың...
ІІМ Салтанат Нүкенованың ағасына қатысты қозғалған іс бойынша ақпаратқа жауап берді
Ішкі істер министрлігі Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдіге қатысты қозғалған қылмыстық іс туралы ақпаратқа түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бишімбаев тарапының өтініші бойынша жалған ақпарат негізінде іс қозғалып, қылмыстық іс аясында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бұл ретте Айтбек Амангелдінің істегі статусы нақтыланбады.
Салтанат Нүкенованың ағасы қылмыстық іс туралы ештеңе білмейтінін айтты. Ол Ішкі істер министрлігіне ресми сауал жолдады.
"Мен Ішкі істер министрлігіне ресми сауал жолдадым, бірақ жауап 2024 жылғы 26 маусымда беріледі. Әзірше маған ешкім хабарласқан жоқ және ол жерде не болып жатқанын білмеймін", - деді Айтбек Амангелді Tengrinews.kz тілшісіне.
Айта кетейік, Желіде бұған дейін Айтбек Амангелдіге қатысты қылмыстық іс қозғалды деген ақпарат тараған еді. Алайда мұның егжей-тегжейі айтылмады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан