ІІМ орынбасары Игорь Лепеха қызметінен кетті

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Мемлекет басшысының өкімімен Игорь Владимирович Лепеха Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.

Лепеха туралы не белгілі?

Оның арнаулы атағы - полиция генерал-лейтенанты.

  • 1984 жылы Қарағанды политехникалық институтын, 1993 жылы Ресей Федерациясы ІІМ академиясын бітірген.
  • 1986-1997 жылдар аралығында Қарағанды қаласының Ішкі істер басқармасында қызмет етті.
  • 1997-2009 жылдары Қарағанды облыстық Ішкі істер департаментінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
  • 2009-2019 жылдары ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы болды.
  • 2019-2020 жылдары - ҚР ІІМ штаб-департаменті бастығы.
  • 2020-2022 жылдары - ҚР ІІМ аппарат басшысы.
  • 2022 жылғы қазаннан бастап бүгінге дейін ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарды.
  • І (2022) және ІІ (2017) дәрежелі "Даңқ" ордендерімен, "Ерлігі үшін" (2012), "Жауынгерлік ерлігі үшін" (2006) медальдарымен марапатталған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!