- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ІІМ өкілі алаяқтық...
ІІМ өкілі алаяқтық жолмен көлік заңдастырғысы келетіндер туралы айтты
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха алаяқтық жолмен көлік заңдастырғысы келетіндер туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
"Бүгінде шетелден оң рөлді көлік алып келіп, ол 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін келгенін дәлелдеуге тырысып жүргендер бар. Ескертемін, біз сақтандырушылармен және шекарашылармен база арқылы байланыстамыз және бәрін бақылап отырмыз. Егер көлік 1 қыкүйектен кейін келген болса, ол заңдастырылмайды", - деді Игорь Лепеха.
Айта кетейік, 30 қаңтардағы жағдай бойынша, Қазақстанда 28 мың азаматтың шетелдік көлігі заңдастырылған. Яғни 5,5 мың автокөлік қажет құжат пен нөмір алған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина