Бүгін, 12 қазанда Талғарда бір топ кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов оқиға орнында жүр, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша мен оқиға орнына келдім. Жедел-тергеу тобы құрылды. Менімен бірге Ішкі істер министрлігінің өкілдері қызмет атқарып жатыр. Бейнежазбалар тексеріліп, куәгерлерді анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қылмыскерлер ұсталып, жауапқа тартылатын болады, – деді Бауыржан Әленов.
Ведомство өкілі қылмыстық іс министрдің ерекше бақылауында екенін де айтты.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!