Ішкі істер министрлігі "Qarmet" АҚ-дан ұрлық жасады деген күдікпен аса ірі мөлшерде қылмыстық топпен жасалған алаяқтық фактісі бойынша тіркелген қылмыстық іс бойынша (ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі) екі адамға іздеу жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ахметжанов Мирас Қалымбекұлы, 1987 жылы 2 сәуірде туған, Абай облысының тумасы, бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған. Бұлтартпау шарасы "қамауда ұстау".
Чижевский Андрей Александрович, 1987 жылы 29 қарашада туған, Қостанай облысының тумасы. Бұлтартпау шарасы "қамауда ұстау".
Іздеуде жүрген адамдардың орналасқан жері туралы ақпарат болса, ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментіне Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 1 мекенжайы бойынша немесе 8-705-177-14-19, 8-702-975-62-48, 8-775-299-79-97, 8-7172-72-20-99 телефондары арқылы хабарлауды сұраймыз.
Анонимділікке кепілдік беріледі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!