• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

ІІМ мен ҰҚК 10 өңірде жүргізген арнайы операциясы кезінде 118 күдіктіні ұстады

Фото: Видео кадры

Ішкі істер министрлігі 21 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, прокуратура органдарының үйлестіруімен мекемелерге есірткі жеткізу арнасын жолға қойып, бопсалаумен және криминалитетті қаржыландырумен айналысқан қылмыстық топтардың жолын кесу бойынша ауқымды операцияны аяқтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел-тергеу әрекеттері бір уақытта елдің 10 өңірінде жүзеге асырылды.

Полицияның мәліметінше, жалпы іс-шаралар қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі ахуалды тұрақсыздандырып, ұстау режимін бұзуға әрекет жасаған адамдарды анықтауға бағытталды.

"Олардың қатарына бірнеше рет сотталған адамдар кірген. Барлығы 118 күдікті, оның ішінде қылмыстық ортаның 13 өкілі ұсталды. 100-ден астам тінту шаралары жүргізілді. Үш Калашников автоматы, екі травматикалық тапанша, әртүрлі калибрлі оқ-дәрілер, 11 келіден астам есірткі, мобильді құрылғылар және заңсыз құжаттама тәркіленді", - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Полиция өкілінің мәліметінше, ұсталған адамдардың арасында алыс және жақын шетелдердің криминалитет өкілдері де бар.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лес
Logotype Massaget