ІІМ Күзет қызметін бақылау комитетінің жаңа төрағасы тағайындалды

ІІМ Күзет қызметін бақылау комитетінің жаңа төрағасы тағайындалды
Фото: Дархан Марханов / ІІМ баспасөз қызметі

ІІМ Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы болып Дархан Марханов тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ІІМ мәліметінше, полиция полковнигі Дархан Мархановтың ішкі істер органдарында тәжірибесі мол, басқарушылық қызметтерде ұзақ жыл еңбек еткен. Бұған дейін ол тиісті департаментті басқарған, кейін ол құрылым комитет болып қайта құрылған.

Министр Ержан Сәденов Дархан Мархановтың кәсібилігі мен басқару қабілетін атап өтіп, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

Айта кетейік, ІІМ Күзет қызметін бақылау комитеті министрліктің мамандандырылған күзет қызметі басқармасының орнына құрылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget