ІІМ қазақстандықтарға үндеу жасады

ІІМ қазақстандықтарға үндеу жасады
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

ІІМ азаматтарды жылыту құрылғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жылыту маусымы басталғаннан бері елімізде пеш пен электр жылытқыштарын дұрыс пайдаланбаумен байланысты қайғылы оқиғалар болған.

"Қостанай облысында бір жағдайда бес бала, екіншісінде төрт адам қаза тапты, оның үшеуі кәмелетке толмаған. Ақмола облысында үш адам қаза тапты, оның екеуі балалар. Астана қаласында төрт бала көз жұмды. Осыған орай азаматтарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамыз. Жылыту пешінің жағдайын тексеріңіз. Егер қандай да бір зақым немесе ақаулар анықталса, оларды дереу жою үшін шаралар қолданыңыз", - делінген хабарламада. 

Балаларды үйде жалғыз қалдырмаңыз.

"Есіңізде болсын, балалар қауіпті жағдайды дұрыс бағалай және туындаған мәселелерді өз бетінше шеше алмайды. Электр құралдарын қараусыз қосулы қалдырмаңыз. Тіпті оларды аз уақытқа бақылаусыз қалдыру өрттің шығуына әкеп соғуы мүмкін. Сізден жылыту құрылғыларын пайдалануға және үйіңізде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапкершілікпен қарауды сұраймыз. Өзіңізге және жақындарыңызға сақ болыңыз!" - деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина