ІІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

ІІМ қазақстандықтарға ескерту жасады
Фото: gov.kz

Ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

"Жолдағы тәртіп бұл тек ереже емес, бұл - адамның өмірі. Әрқайсымыз - жүргізуші, жаяу жүргінші, ата-ана бұған жауаптымыз. Себебі жолда әр адамның артында тұтас отбасы, жақындары, тағдыры тұр. Соңғы жылдары елімізде жол апаты салдарынан болған адам шығының саны екі есеге азайды. Бұл - қоғамның ортақ нәтижесі. Бірақ біздің түпкі мақсат - адам өлімін мүлде болдырмау. Бір де бір жан жолда қаза таппауға тиіс", - деді ол. 

Қайсар Сұлтанбаев маңызды қағидаларды еске салды:

  • жылдамдықты асырмаңыз;
  • мас күйде көлік жүргізбеңіз;
  • жастарға үлгі болыңыз;
  • өзге жүргізушілерге және жаяу жүргіншілерге құрметпен қараңыз.

"Тәртіп - бұл шектеу емес, бұл қорған. Ол сізді және сіздің жақындарыңызды сақтайды. "Заң мен тәртіп" қағидаты жай ұран емес, бұл - әр азаматтың қауіпсіздігіне негіз болатын өмір салты. Заңға құрмет - қоғамға құрмет. Қауіпсіз жол - ортақ жауапкершілік. Әркім өз үлесін қосса, біз әрбір жолды шынымен қауіпсіз ете аламыз", - деді Қайсар Сұлтанбаев.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget