- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ІІМ қазақстандықтардың телефоны...
ІІМ қазақстандықтардың телефоны мен компьютерін бұғаттайтыны рас па?
Қазнетте бұрынғы вирус бағдарлама тарап жатыр. Ол ұялы телефондарды бұғаттайды. Экранда ҚР ІІМ атынан жазылған мәтіннің суреті шығады. Онда қолданушылар порнография сайттарына кіріп, заңды бұзғандықтан 45 мың теңге мөлшерінде айыппұл төлеуі керек делінген. Әйтпесе, іс материалдары прокуратураға жіберіледі делінген. Бұл - алаяқтардың ісі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Халық "ІІМ" бопсалаушы вирусы деп атап кеткен вирус интернеттің қазақстандық сегментінде 2015 жылы пайда болды. Қазақстандық KZ-CERT Компьютерлік инциденттерге ден қою қызметі мемлекеттік органдардың таратылған хабарламаға ешқандай қатысы жоқ екенін хабарлаған болатын.
Алаяқтар компьютерлер мен гаджеттерге зиянды бағдарламалар таратады. Ғаламторға кірген кезде ол жүйенің жұмысына тосқауыл қояды. Бұл - вирус типтік Trojan.Winlock модификациясы. Ол бұғаттауды ұйымдастыратын операциялық жүйенің штаттық құралдарына негізделген.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары азаматтардың компьютерлері мен ұялы телефондарын бұғаттамайды. ҚР Ішкі істер министрлігінің таралған хабарламаға қатысы жоқ.
Егер сізге осындай хабарлама келіп түссе, төлем жасауға асықпаңыз. Тез арада құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.
Ал егер төлем жасап қойсаңыз, чекті сақтап қойыңыз. Ол полицияға жүгінген кезде қажет болады.
Интернет-алаяқтардың құрбаны болмас үшін күдікті сайттарға кірмеңіздер, күмәнді жарнамалық баннерлерді немесе қалқымалы терезелерді баспаңыздар. Белгісіз әзірлеушілердің бағдарламаларын іске қоспаңыз.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек