Ішкі істер министрлігі жүргізушілерге үн қатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жолдардағы апат деңгейін төмендету, құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында 23-25 қаңтар аралығында республика аумағында "Қауіпсіз жол" іс-шарасы өтеді.
Іс-шара аясында полиция басқа да құзыретті органдармен бірлесіп, еліміздің жолдарында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, құқықбұзушылықтарды анықтамақ.
"Жолаушыларды тасымалдау кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, жалған немесе мемлекеттік нөмірі жоқ көліктерді анықтауға, қауіпті жүргізушілерге баса назар аударылады", - деді ІІМ өкілі.
Сонымен қатар, жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін, қауіпсіздік шараларын сақтауы бақыланады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз