Ішкі істер министрлігі Жаңа жыл мерекесіне орай азаматтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Пиротехникалық бұйымдарға байланысты
Жаңа жылдың дәстүрлі нышандарының бірі саналатын пиротехникалық бұйымдар асқан жауапкершілікпен қолдануды талап етеді.
"Мұндай бұйымдарды тек ресми, рұқсат етілген сауда орындарынан сатып алу қажет. Оларды тұрғын үйлерге, көліктерге, жануарларға, балаларға және ойын алаңдарына қарай бағыттауға, адам көп жиналатын жерлерде пайдалануға, сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың қолдануына жол беруге болмайды", - деді ІІМ өкілдері.
Ішімдікке қатысты
Ведомство мәліметінше, мереке қарсаңында алкоголь өнімдерінің сатылуына бақылау күшейтіледі.
"Заңнамаға сәйкес кәмелетке толмағандарға және мас күйдегі адамдарға алкоголь өнімдерін сатуға қатаң тыйым салынады. Бұл талаптарды сақтау - құқықбұзушылықтың алдын алуға, қоғамдық орындардағы тыныштықты қамтамасыз етуге қосылған маңызды үлес", - деді ІІМ өкілі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова