Ішкі істер министрлігі кейінгі кезде логистикалық платформалар арқылы көлік пен түрлі жүкті тасымалдау кезінде алаяқтық дерегі тіркеліп жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, қаскөйлер Della және Fa-Fa.kz сияқты сервистерді пайдаланады. Көбіне көліктер мен жүктерді Алматы қаласы мен Алматы облысынан еліміздің басқа өңірлеріне жеткізу туралы хабарландыру жарияланады.
Хабарландыру жарияланғаннан кейін алаяқтар тапсырыс берушілермен және жүргізушілермен WhatsApp мессенджері арқылы байланысады. Тапсырыс берушілерге өздерін ұйымдастырушы немесе жүргізуші ретінде таныстырса, жүргізушілерге өздерін жүк иесі ретінде көрсетеді. Екі тараптың да сеніміне кіргеннен кейін тасымалдау шарттары жөнінде келісім жасайды. Алматы қаласынан шыққаннан кейін алаяқтар ұрланған көлік немесе жүкті басқа көлікке ауыстырып тиеп, оны өз қалауынша пайдаланады.
"7 маусымда Алматы қаласының тұрғыны полицияға өзінің қымбат көлігі ұрланғаны туралы арызданған. Екі күн бұрын белгісіз тұлғалар алдау арқылы оның көлігін иемденіп, 60 миллион теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Уақтылы жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлері ұрланған көлікті тауып, заңды иесіне қайтарды. Қылмыс жасады деген күдікпен үш адам ұсталды. Қазір соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - деді ІІМ өкілі.
Министрлік азаматтарға қауіпсіздік шараларын ұсынды:
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз