Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің бұйрығымен Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы лауазымына Руслан Назаров тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Департаменттің жеке құрамына жаңа басшыны ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов таныстырды.
Полиция полковнигі бұған дейін Ішкі істер министрлігі криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған.
Ол қызмет жылдары ішінде ішкі істер органдары жүйесінде түрлі басшылық лауазым атқарып, мол тәжірибе жинақтаған.
Айта кетейік, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментін Абай Жүсіпов басқарған болатын. Ол министрдің бұйрығымен Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!