Ішкі істер министрінің бұрынғы бірінші орынбасары Марат Қожаев Сенат депутаты ретінде ант қабылдады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сенаттың жалпы отырысында Мәулен Әшімбаев әріптесін құттықтап, оның депутаттық қызметіне табыс тіледі.
"Құрметті әріптестер, Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Шадетханұлы Сенат депутаты болып тағайындалды. Марат Шадетханұлы, Сенатор болуыңызбен құттықтаймыз! Депутаттық қызметіңізге табыс тілейміз!" – деді Мәулен Әшімбаев.
Марат Қожаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституционалық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары жөніндегі комитетінің мүшесі болып тағайындалды. Бұл комитет заңнамалық, сот және құқық қорғау салаларына қатысты маңызды мәселелермен айналысады. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан 4-қазан күні босатылды.
ІІМ-де 40 жыл қызмет атқарған
Бұған дейін ол Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарған. Марат Қожаев – ішкі істер органдарында 40 жылға жуық қызмет атқарып, түрлі маңызды лауазымдарды иеленген. Ол Ішкі істер министрлігінің тергеу комитетінің төрағасы, Павлодар облысының полиция департаментінің басшысы, Астана қаласының полиция басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!