ІІМ басшысының экс-орынбасары жаңа қызметке тағайындалды

Қызметінен босатылған Ішкі істер министрлігі басшысының бұрынғы орынбасары Айдос Рысбаев жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен көліктегі полиция департаментінің бастығы болып полиция генерал-майоры Айдос Рысбаев тағайындалды", - делінген хабарламада.

Жаңа басшыны жеке құрамға Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Айдар Сайтбеков таныстырып, департаменттің теміржол және авиациялық көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлін атап өтті.

"Айдос Рысбаевтың басшылық қызметте тәжірибесі бар. Бұған дейін ол Ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарған", - деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!