ІІМ БАҚ редакциялары алған лаңкестік сипаттағы хабарламаларға түсінік берді

Бірнеше бұқаралық ақпарат құралдары редакцияларының Telegram аккаунтына және мемлекеттік органдардың мекенжайларына лаңкестік сипаттағы қауіп-қатер бар хабарламалар келіп түскен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полиция қызметкерлері бірнеше телефонды, сондай-ақ олардың иелері мен пайдаланушыларын анықтаған. Тексеру кезінде олардың арасында Қазақстанның қарапайым азаматтары, оның ішінде кәмелетке толмағандар да бар болып шықты, бірақ олардың пошта жөнелтілімдеріне қатысы бар екені расталмады.

"Олардың барлығы Telegram мессенджерінің белгісіз қолданушылары тарапынан "сваттингтің" (құқық қорғау органдарын хакерленген адресаттарға шақыру үшін ауыр құқық бұзушылықтар туралы жалған хабарламалар) құрбандары болды деп болжанып отыр. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары құқық бұзушыларды анықтап, көрінеу жалған хабарламалары үшін еліміздің заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартып жатыр. Жағдай құқық қорғау органдарының толық бақылауында. Алаңдауға негіз жоқ. Әлеуметтік желілер мен басқа да БАҚ қолданушыларын тек ресми хабарларға сенуге шақырамыз", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!