ІІМ қазақстандықтарға ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Интернетте ішкі істер органдарында бірқатар көші-қон қызметтерін алу, оның ішінде азаматтыққа қабылдау, құжаттарды жинау және рәсімдеу қызметтерін көрсететін компаниялардың жарнамалары жариялана бастаған.
Бұл фирмалар азаматтықты да, жеке басын куәландыратын құжаттарды да бермейді. Осыған байланысты ІІМ осы саладағы интернет арқылы алаяқтықтың ықтимал жағдайлары туралы ескертеді.
Қазақстан азаматтығын алу үшін өтініш білдірушілер ішкі істер органдарына жеке өзі жүгінуге тиіс. Бұл ретте құжаттарды сенімхат бойынша немесе үшінші тұлғалар арқылы беруге тыйым салынады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!